Түркістан қаласынан Шардара ауданы әкімдігіне көгалдандыру, абаттандыруға бекітілген 10 секторды тазалап тұруын тоқтатпайды. Бұған аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Шомпиев, Н.Сапаров бөлім, мекеме қызметкерлерінен құралған жұмысшы топпен аралап, шағынаудан биі, көше комитеттерінің төрағалары және белсенді азаматтармен атқарылатын жұмыстарды көріп шықты.
Сонымен қатар, сенбілік жұмыстары 10 сектордағы А.Жармұхамедов көшесінде (7-ші бағыт жолында) жүргізілді. Сенбілікке 30 адам қатысып, 1,5 шақырымды құрайтын көшенің екі бетінің шөптері шабылып, қоқыстары тазаланды.
Шардара қаласының санитарлық тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған жаппай сенбілікке 28 мекеменің қызметкерлерi мен қала тұрғындарынан мыңға жуық адам қатысып, белсенділік танытты. Олар топ-топқа бөлініп қала әкімдігі тарапынан өздерiне бекітілген аумақтарды ретсіз тасталған қоқыстардан тазартып, арық-атыздарын тазалады. Қоқыс тасуға арнайы 4 техника жұмылдырылған сенбіліете 24 көше мен 3 шақырым суағарлардан 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды.