Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 903 шақырымды құрайды. Асфальтобетонды жабындысы – 2780, 1 шақырым. Шағал тас – 998,1 шақырым. Топырақ жолдар – 124,8 шақырымды құрайды.
Бұл ақпарат қала жолдарын паспорттау мақсатында жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде анықталды. Ағымдағы жылдан бастап Шымкент қаласының көше — жол желісінде, оның ішінде магистралды, орталық, ішкі орам көшелерін зерделеу, паспорттау, жолдың техникалық жағдайы, жол электрондық жүйеге енгізу және мониторингілеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда электронды база құрылып, іздестіру жұмыстарын цифрландыру, паспорттау, жол қабаты ақпараттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл қорытындысымен жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75% жетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыстар қарқынды жүргізілді. 2023 жылы 254 нысан немесе 232,7 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілсе,
2024 жылы жалпы қала аумағындағы көшелер желісінде құрылыс-жөндеу жұмыстармен 501 көше немесе 365,8 шақырым қамтылды. Жыл қорытындысымен 424 көше, 1 көпір немесе 269,5 шақырым пайдалануға берілді.
#ШЫМКЕНТ_ЖЕТІСТІКТЕРІ_2024