Биылғы жазғы тарансферде көпшілік күткен еуропалық командалар өз саптарын мықты ойыншылармен толықтырды. Испаниялық «Реал» мен «Барселона», туриндік «Ювентус» командаларының басшылықтары жұлдызды ойыншыларды сатып алуда ақшаны аяп қалған жоқ. Тек, Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы «Ливерпуль» өз ойыншыларын сақтап, жаңа ойыншыларды алудан аулақ болды. «Челсиға» бас бапкер болып атақты Лэмпард келді. Ағылшындық алтылықтың мықтылары: «Арсенал», «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер сити» жақсы ойыншылармен күшейіп, жазғы трансферде белсенділік танытты.
«Реал» жазғы тарнсферде бельгиялық Азарға тоқталып қалмайтын секілді. Команда сапына бразиялиялық Неймар да келуі мүмкін. «ПСЖ» жанкүйерлері бразилиялық жұлдызды командаларында көргісі келмейтінін соңғы ойында ашық аңғартты. Париждік жанкүйерлер «Неймар кет» деген плакаттармен шыққан. Неймарға таласқа түскен «Барселона» командасының басшылығы ақшаны аяп жатыр немесе қаржы біткен секілді. Ал, «Арсенал» өздерінің тарсферлік рекордын жаңартты. Команда ивуарлық 23 жасар шабуылшы Николя Пепені 79 млн. еуроға сатып ала салды. «Арсеналдың» ақшасы көп екен.
2019 жылғы жазғы трансферлік балансы нашар деген еуропадағы мықты командалардың қатарына «Астон Вилла» қосылды. Қосылғанда да екінші орынға бір-ақ жайғасты. Бірінші орында испанияның «корольдік» командасы. «Реалдың» трансферлік балансы: -190,5 млн. құрап отыр. «Астон Вилланың балансы: -158,6 млн. Ал, «Барселона» үшінші орында: -108,6 млн. еуромен шектелген. «Интер»: -103,4 млн, «Арсенал»: -102,1 млн., «Манчестер сити»: -99 млн., «Манчестер Юнайдет»: -94 млн. еуроға шашылған.
Бұл бай клубтардың арасында «Астон Вилла» неге жүр? Сонша ақшаны қайдан алды? Деген сұрақтар пайда болады. Қысқасы – команданың ақшасы жоқ. Барлық қаржыны АПЛ біріншілігінде көрсетілімге төленетін теле құқық арқылы өндіріп алуға үміт артып отыр екен. Жобамен біріншілік соңында 150 миллион теңге телеарналардан түсу керек. Және де қосымша коммерциялық келісім-шарттардан түсетін пайда бар.
Сондай-ақ, «Астон Вилла» командасы соңғы он жылда қарызға белшесінен батып, қарызбен өмір сүріп келген. Бирмингемдік команданың жағдайы әлі де нашар. Команда пайдаға шығатын мүмкіндік таппай отыр. Тек ойыншыларды сатып, басшылықтың инвестиция құюы арқылы ғана толық банкроттан аман жүр.
Биыл «Астон Вилла» АПЛ-ге қайта оралды. Ағылшындықтардың жоғарғы лигасында командалардың бәсекелестігі өте мықты. Бұл бәйгеде аман қалу үшін «Астон Вилла» командасының басшылығы барлық шығынға мәжбүрлі түрде барып отыр. 137 миллион еуроны мақсатты жұмсауға тырысқан. «Чемпионшипта» ойнаған чемпиондық ойыншыларды да сақтап қала алған. Команданың осал шептерін күшейткен. Мол қаржыға команда сапын 12 ойыншымен толықтырған. Егер де команда «Чемпионшипке» қайта оралып жатса, басшылық барлық ойыншыны сатып, арендаға беріп тастайтыны сөзсіз.