Өңірімезге турситердің көптеп келуі жақын жылдары үйреншікті жағдайға айналуы мүмкін. Туристік салада оған себеп те, атқарылып жатқан жұмыстарда жетерлік. Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырған болатын.
Сол кезде іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйым қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Өзбекстанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында оннан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристік маршруттар ұйымдастыра алдық.
Сондай-ақ, облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталары мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып, бірқатар келісімдерге келген болатын.
«Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы 5 гектар аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберхана жұмыс істеп тұр. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. Сузук-ота Қожа Ахмет Ясауидің ең сүйікті немересі болған. Ал, «Базори корд» темір ұсталары мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шебер өз кәсіптерін жүргізіп жүр.