«Жастар жылы» еліміздің жастары үлкен қолдауларға ие болды. Білім, денсаулық, спорт пен қаржылық саласында да мемлекет тарапынан үлкен көмектер көрсетілгені көрдік. Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Ал, жастардың тың идеяларына қолдау білдіру әр қашанда маңызды болып қала бермек.
Биылғы «Жастар» жылына орай Түлкібас ауданында жастардың көтерген меселелерін қолдау мақсатында ауқымды шаралар іске асуда. Солардың бірі «Жастар аллеясы».
Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жастар жалыны» атты жастар форумында ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.
Бүгінгі таңда аудан жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асуда.
Жастардың өздерінің ұсынысында көрсетілген аудандық «Тұңғыш Президент» саябағында бүгінгі күнде «Жастар аллеясының» құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
Бұл аллеяда ауданда жаңадан отау құрған жастарымыз, серуендеуге арналған жағдайлардың барлығы жасалынбақ.
Аталмыш нысан ағымдағы жылдың 30 тамыз «Қазақстан Республикасының Конституция» күніне орай ел игілігіне пайдалануға берілу жоспарлануда.