2019-2020 оқу жылы мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары үшін «Адалдықсағаты» сабағымен басталды. Қаламыздағы 30 мектептің 73 сыныбында өткен алғашқы сабақ қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлықты жоюға, адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім құндылықтарына арналды. 1680 оқушы қатысқан сабақта оқушылар алдында Түркістанқаласы әкімінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің, құқық қорғау органдарының басшылары мен мамандары, облысымыздың және қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық қоғамдық даму басқармасының мамандары мен қалалық бөлім басшылары сөз алып, еліміздің ертеңі — жас буынды еліміздің бүгінгі ұстанып отырған саясатымен таныстыра отырып, өскелең ұрпақтың тәрбиесі туралы сөз қозғады. Тарихтан мысалдар келтіріп, ата-бабаларымыз аманат еткен салт-дәстүріміз бен ұлттық мәдениетімізді, құндылықтарымызды, ұлан-байтақ жерімізді сақтауға шақырды. Адалдық пен парасаттылық, әділдік қана жарқын болашаққа жетелейтініне осы дәріс арқылы тағы бір көз жеткізген оқушылар ел ағаларына алғыстарын жеткізді.