2018 жылдың қазанында Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018-2019 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария еткен болатын.
Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан 140 елдің арасынан 59-шы орынға ие болды.
Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады.
Бұдан басқа, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.
ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 114 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда:
Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:
«Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы
«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы
«Меншік құқығы» индикаторы
«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы
Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:
«Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы
«Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы
«Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы
Аталған 4 индикатордың «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторына келетін болсақ бұл индикатор контрафактiнi анықтау және оның жолын кесу жөнiндегi шараларды қолдану есебiнен қалыптасады және жаңа интеграциялық жағдайда жүргізіліп жатқан әкімшілік-құқықтық реформаға орай, құқық қорғау органдары тарапынан пәрменді іс-қимылға тікелей байланысты болатын көрінеді.
Зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу бойынша құқық қолданушылық практиканы әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.
Жаңа Қылмыстық және Әкімшілік кодекстердің қабылдауымен бірге әділет органдарының атында тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері бойынша әкімшілік іс жүргізулерді қозғау бойынша өкілеттіктер қалғаны өздеріңізге белгілі.
Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына кіру мақсатында 2020 жылға қойылған жұмыс жоспарын алға ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.
Қазақстанда алдамыш өнiмдерге төзбестiк көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиiс, сонымен қатар зияткерлiк меншiк құқығын бұзу мен сауда белгiлерiн қолдан жасаушылар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық қудалау шараларын қабылдау керек.
Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бірқатар құқық қорғау органдарының міндеттерінде қамтылған.
Бекмурзаев Темірхан Аблайханұлы
Шымкент қаласы Әділет департаментінің
жетекші маманы