Атам қазақ: «Отан — отбасыдан басталады» деген. Әрине отбасы болудың бірден-бір шарты — бастағы баспана. Барлық адам өз шаңырағым, өз үйім болса екен деп армандайтыны сөзсіз. Біреулер ерте, біреулер кеш болса да қол жеткізіп жатады. Бастысы әрбір отбасының басында өз баспанасы болса екен.
Шымкент қаласының демографиялық өсімділігі республика бойынша жоғарғы көрсеткішке ие. Мегаполиске айналған Шымқалаға басқа да облыстардан көшіп келушілер көп. Қазірде жас мегаполисте құрылыс қарқыны қарқынды.
Мемлекетіміз хылықты баспанамен қамтамасыз етудің бірнеше бағдарламасын қолға алған. Мысалы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспаналы болғысы келгендер Шымкент қаласындағы «Нұсәт» пен «Нұртас» мөлтекаудандарындағы көпқабатты үйлерден пәтерлер алуға мүмкіндігі бар. Елбасымыздың «Өз үйім», «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, Шымкент қаласы әкімдігінің арнайы тапсырмасымен тұрғызылып жатқан көпқабатты үйлердің бағасы қолжетімді, құрылыс сапасы да жақсы.
«Нұрсәт» мөлтекауданындағы «Бақыт» ТК-і «бизнес-класс» санатына жататын пәтерлердің сапасына «Оңтсүтік Құрылыс Сервис» құрылыс компаниясы көпқабатты үйдің іргесінен бастап, шатырана дейін қатты мән беруде. Құрылыс компанияның құрылысқа жауапты өкілі: «… Көп қабатты тұрғын үйлерді тұрғызуда ең бастысы – іргетасын сапалы соғу керек. Әрине жұмысы созылады. Кейбір қиындықтар туғызады. Көріп тұрғандарыңыздай «арматураны» өте көп көлемде «тігілген». 80 тоннаға жуық «арматура» жұмсаудамыз. Негізі, орташа 30-40 тонна жеткілікті», — дейді бас маман.
Атам қазақ тағы да «өз үйім – өлең төсегім» деп, жиі айтады. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филалы «Өз үйім» бағдарламасы аясында салымшылары үшін бүгінде 205 пәтерді қолданысқа беруге дайын. Тоғыз қабатты үйлердегі орта қолға жетімді пәтерлер Шымкент қаласының әкімшілігінің арнайы тапсырмасымен тұрғызылып жатыр.
«ҚТҚЖБ» АҚ өз салымшыларына баспана сатып алу үшін 3,5% жылдық мөлшерлеме бойынша қарыз беруге дайын. Ол үшін есеп шотыңызда бастапқы жарнаның кем дегенде 50%-ы болуы тиіс.
«Тұрғын үйді «Бақыт» жəне «Премьера» ТК-нен алуға болады. Кешен қала орталығы Бəйтереков көшесі, «Нұрсəт» мөлтекауданы мен «Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» мөлтек ауданы, Майтөбе көшесі, 214 мекенжайындағы жаңа ықшам ауданда салынып жатыр. Құрылысты салушы компания «Компоит-7» ЖШС. «Бақыт» т.к әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 200 000-320 000 теңге аралығында. 2020 жылдың жаз маусымында нысан қолданысқа беріледі. «Өз үйім» бағдарламасы – жылдық мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендетіледі. Мысалы, 11 млн 284теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін есепшотыңызға 5 млн 642теңге жинау қажет. Банк 3,5 %-бен қарыз береді және қарыз бойынша төлем айына 65 мың 823 теңгені құрайды, 8 жыл өткеннен кейін ай сайынғы төлем сомасы 41 мың 514 теңгеге дейін азаяды», — деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Шымкент филиалы бөлімінің басшысы Нұрлан Сұлтанов.
Асылбек Түйетаев
Фото авторы Асхат Әссанди