Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдап, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жөнінде атқарған жұмысын тыңдады. Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтты.