«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бірінші нөмірі жарық көргеннен бері, көзді ашып-жұмғанша 95 жыл өте шығыпты. Қарашаңырақ саналатын газеттің ұжымы мерейтойын биыл да дүркіретіп атап өтті! Өркениетті газетті басқарып отырған Абай Балажан ағамызға және ұжымдағы жақсылардың алдағы жұмыстары жемісті болсын дейміз!
Мерейтойлы газеттің концертінен үзінді: Жаңылыспасам, Түркістан облысында Қазақстанның халық әртісі деген атағы бар бір ғана өнер иесі бар, ол — Қажыбек Бекбосынов! Қажыбек аға, композитор Құралай Сәтмұхамедова, біздің редакцияның сенімді режиссері, досымыз Мақсат Айтжанов, Түркістан мәдениет үйінің әншілері қуанышымызға ортақтасып, әннен шашу шашты.
Құралай апай ән салды, Мархабат ағамыз би биледі қыздармен.