«Тату» мейрамханасында байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында «Үздік номинация – 2019» «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы БАҚ-ның маңызы атты шығармашылық байқауына қатысты іс-шара жоғары деңгейде атап өтілді.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әріптестер алдында құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің тыныштығы, татулығы мен ынтымақ, бірлігі, сыйластығы жайлы толғанысты әңгіме айтты.
Қала әкімдігі мен қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысы Жанар Бектаева бастаған ұжым қызметкерлері мерекелік кешті керемет ұйымдастырып, көпшіліктің алғысын алды.
Өз кезегінде Шымкент қаласының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына үлесін қосып жүрген «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы – «Үздік редакция» атанды. Ал, «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі Нурлан Алимбаев «Үздік жүрналист» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Жылдың үздігі атанған ұжым мен үздік журналистке 500 мың теңгеден сертификат табысталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы «Нұр-Отан» партиясының «Алғыс хатымен» қаламы қарынды аға-әпкелер де марапатталды . Және де «Жыл үздігі» номинация иелері де марапатталды. Үздіктерге қаржылай 150 000 теңге көлемінде сертификаттар табысталды.
Олар:
1. «Үздік әлеуметтік ролик авторы» – Нургали Матаев;
2. «Үздік блогер» – Арай Есенбек;
3. «Үздік телебағдарлама авторы» – Баглан Байгөбеккызы;
4. «Үздік теле журналист» – Новикова Анастасия (Хабар 24);
5. «Үздік радио бағдарлама авторы» – Уалихан Кожак;
6. «Үздік ақпараттық порталы» – ақпараттық портал «Меdia.on», редакторы Малика Абдалиева;
7. «Үздік ақпараттық портал тілшісі» – Асылбек Туйетаев;
8. «Үздік баспа басылымы» – «Уакыт» газеті, бас редактор Талгат Балтабаев;
9. «Үздік баспа басылымының журналисті» – Баширова Акмарал Молдиярқызы;
10. «Үздік баспасөз хатшысы» – Асель Саденова (Шымкент қаласы полиция департаменті);
11. «Үздік әлеуметтік ролик авторы » – «Elіtar» порталы, Жансая Тауекелкызы.
Құрметті аға-әпкелер, марапаттарыңыз құтты болсын! Биіктерден көрініп, үздік атанып, еңбектеріңіз еленіп, алысқа шабыңыздар!
Шымкенттің «Үздік блогері» айтпақшы: » Лайық емес» дейтіндермен де келісуге болатын шығар? Себебі, бізде сен тұр мен атайындар өте көп. Бұдан біздің қоғам ұтпаса, ұтылмайды!
«Лайық» дейтіндермен де келісуге болады. Өйткені, биыл желіде жергілікті билікке сын садағын көп аттым.
Әкімдікті 6 ай сынап, жыл соңында үздік атану біздің қоғамда ақылға симайтын іс. Бірақ, биліктегі соңғы өзгерістер бұның мүмкін екенін байқатып жатыр. Яғни, бізде ашық қоғам құрылып келеді. Мені бүгінгі жүлдеден бұрын қуантатыны сол. …» дегендей, қоғамымыз әділдік пен ой тазалығына бет бұрып, нағыз үздіктерді шетте қалдырмауды жөн санап келеді.
Асылбек Түйетаев
Фото авторы Азат Дидарбек