Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Шымкент қаласына қарасты төрт ауданның әкімдігіне барды.
Ерлан Қуанышұлы жаңа жылдан бастауын алған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ онда көпбалалы аналармен, қала тұрғындарымен кездесті.
Шымкент қаласының аумағында АӘК-ке құжаттар 8 қаңтардан бастап 5 мекен-жайда қабылданады.
Олар:
✔️1.Бәйтереков көшесі, 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты;
✔️2.Бәйдібек би даңғылы, 60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
✔️3.Тыныбаев көшесі, 49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
Тәуке хан 3.
✔️4. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
✔️5.Толстой көшесі, 119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимараты.