Елімізге «Оригинал» әнімен танымал болған Әбдіжаппар Әлқожа арналардағы ағаларына өзінің өкінішін білдірді. Жылда арналардағы үздіктерді анықтау марапаттауларында неге жүлдесіз қалатынын ашық айтты. Және де өз қаражатына мешіт тұрғызғаны жайлы айтып кетті.
Көпшіліктің назарына өткен жылы қазақты «қара» деп айтып, басына даудамай тудырып алған еді. Әрине, ол өзінің ол сұхбатында қазақтың еш намысына тиюді ойламаған болатын. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деп бекерге айтпаған ғой.
Әбдіжаппар, журналистерге сұхбат беруден қорқып қалғаны екен. Бұл туралы да «Aman Tasygan LIVE»-та айтып кетті.