Австралияның Мельбурн қаласында теннистен өтіп жатқан «Үлкен дулыға» жарысында күтпеген жағдай орын алды. Испаниялық Рафаэль Надаль мен Дель Бонис кездесуінде шетте тұрған кішкентай қызға доп қатты тиіп кеткен болатын. Испаниялық жүгіріп келіп, қорқып қалған қыздың бетінен сүйіп, кешірім сұрады.