Жақында Bek Air компаниясының ұшағы Алматы маңындаңғы үйлердің біріне соғылып, нәтижесінде 12 адам қаза тапқан болатын. Енді еліміздегі «мықты» әуе компания осы үйдің егесі Решет Қалибекті сотқа беріп отыр. Бұл туралы q-content.kz тілшісі жергілікті ақпараттарға сүйене отырып хабарлайды.
Решет Қалибектің сотқа шақырту қағазын бір апта бұрын алған.
«Жақында Bek Air маған сотқа бергені туралы қағаз келді. Енді ойлап отырғаным, неге жерге рұқсат берген әрі сол жерге үй салуға рұқсат берген әкімдіктің үстінен емес, менің үстімнен арызданады? Енді мені кінәлі қылғысы келеді. 21 ақпанға сотқа шақыртып отыр. Мен бастапқыда Bek Air компаниясының үстінен арызданғанмын. Ал енді олар менің үстімнен арызданып отыр», — дейді Р.Қалибек.
Естеріңізде болса Bek Air ұшағы 2019 жылдың 27-ші желтоқсанында таң ата апатқа ұшыраған еді. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған және әуежай қоршауынан енді аса бергенде жақын маңдағы үйге соғылған еді. Әуе кемеде 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
(Фото tengrinews.kz сайтынан жүктелді)