Түлкібас ауданың әкімі Нұрбол Тұрашбековтың халықпен кездесуіндегі есебін тыңдап, табыстың тасқыны молайа түскенін байқауға болады.
Айтылып жатқан цифрлар тасасында халыққа жасалынған қамқорлықтың бары аңғарылады. Аудан толық газбен жабдықталған десек те болады. » Қамқорлық» аясында көптеген игі тірліктер жасалынған.
Аудан жастарына арнайы саябақтар салынып, олардың тәрбиесі мен бос уақытын тиімді пайдалану бағытында жоспарлары жұмыстар жасалыған.
Болашақта көп ауқымды жұмыстар атқарылады -деді есеп барысында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, инвенстиция тарту, ағын су мәселесі, денсаулық, құрылыс саласында жер телімдерін бөлу, ауыз су т.б. алдағы жылдары атқарылар маңызды мәселелер жайлы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жан жақты баяндап берді.
Халық тарапынан сұрақтар беріліп, аудан әкімінің есебіне байланысты мінберге шығып шешендер өз пікірін айтуда.
Аудан әкімі Түлкібас ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында қорытындылады.
Аудандық мәдениет үйінде өткен есепті кездесуге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.Қожаниязов,Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ. Тәжібаев, аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ — кент әкімдері, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, аудан тұрғындары мен облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құрал өкілдірі қатысты.
Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. Аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылған. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген. Балабақшамен қамту 100% пайызға орындалып отыр. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп көшелер жарықтандырылуда. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін газ саласы оңтайлы шешімін тапқан.
Кездесуді қорытындылаған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев, өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп осындай жетістікке жетуге үлес қосқан аудан тұрғындарына алғысын білдірді. Ал аудан тұрғындарына өткен жылы бірігіп атқарған жұмыстарына рақметін айтып, алдағы жоспарланған межелерді іске асыруға бірігіп атсалысуға шақырды.
Шешендер аудан халқы үшін аянбай еңбек етіп жатқан білікті, білімді басшы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың еңбегіне оң баға беріп, атқарған нақты тірліктеріне тоқталып өтіп, ризашылығын білдірді.