Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың қортындысы бойынша ел алдында есеп берді. Статистиканы оқып жатырсыздар. Мен 5 дерекке тоқталайын...
1.Былтыр Түркістан облысы мен Түркістан қаласын дамытуға арналған 5 қаулы қабылданды. Бір айда Үкімет арқылы бір өңірге 5 қаулының қаулының қабылдануы сирек кездеседі. Оның ішінде ең маңыздысы «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» екені даусыз. Ал бұл маңызды бағдарламалар мен құжаттарды дамытуда өңір басшысың қайраткерлігі мен тынымсыз еңбегі жатыр.
2.Алашты алаңдатқан Арыстағы апат кезінде
Ө. Естайұлының ұйымдастыру шеберлігі мен батылдығы көрінді. Дегбірі қашып, алаңдаған тұрғындармен тікелей жүздесіп, үлкен жауапкершілікті өз мойнына алды. Жұмыс жүйеленгенше бір ай бойы Арыста тұрып, құрылысты бақылады. Сенімді ақтады.
3.Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өз астанасын салды. Ал Түркістан құрылыс ауқымы жөнінен екінші орын алады. Елбасының осы жауапты миссияны Ө. Естайұлына сеніп тапсыруы тегін емес. Қостанайды құлпыртып, Елорданы дамытып, Шымкентті шырайландырған тұлға Түркістанды да түрлендіреді. Былтыр бірнеше нысан ашылды. Биыл да тамаша ғимараттар бой түземек.
4.Облыс әкімі Түркістан қаласы аумағынан азық-түлік белдеуін және жасыл белдеуін қалыптастырудың негізін салды. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, былтыр Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары басталды. Жасыл белдеудің жалпы аумағы 7700 гектар жерді құрайды. Бұл жерге 3,5 млн. екпе ағаш пен 500 мыңға жуық бұталар егілмек. Былтырдың өзінде мыңдаған көшет егілді. Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектар алқапта азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық берілді. Жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылды. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған. Түркістан жұртшылығы үшін экология мәселесі өте өзекті екенін ескерсек, бұл қадамдар болашақ үшін жасалған игі әрекеттер.
5. Облыс әкімі аудан, қалаларды аралап шығып, нақты проблемаларымен танысты. Оңтүстік қақпамыздағы Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарындағы өзекті мәселелермен танысты. Облыс инфрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу бағытында нақты істерді қолға алуда. Әр ауданға жіті назар аударылып, өндірісін, инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жоспарлар жасалды.
Былтыр Нұр-Сұлтандағы ҚР Коммуникациялар қызметінде Өмірзақ Шөкеев баспасөз мәслихатын өткізді. Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдеріне деп бірнеше орын дайындап қойды. Бірақ біз ойлағаннан да көп журналист келіп, баспасөз мәслхаты өте мазмұнды өтті. Ашық, шынайы сұрақтар қойылды. Ең БАҚ өкілі көп жиналған баспасөз мәслихаты ретінде тіркеліпті. Осыдан-ақ тұтас Қазақ елінің Түркістан облысына, Алаштың текті төрі Түркістанға деген құрметі, қызығушылығы айқын аңғарылады. Ал осы құтты өлкені өркендету жолында еңбектеніп жүрген басшыға, оның қасындағы азаматтарға сәттілік тілейміз!
Ғабит Сапарбеков, журналист