«Судың да сұрау бар.» Әскерді бір оқ үшін сұрау қатаң болатыны сөзсіз. Енді ұрланған 30 автомат пен 27 тапаншаға ІІБ-мен сұраудың мықты болатыны анық. Түркістан облысы Бадам елді мекенінедегі 10216 әскери бөлімінде әкери борышын өтеп жүрген сарбаз қоймадан қару-жарақтарды арқалап, белгісіз жаққа қашып кеткен.
Жарияланған құжатқа қарағанда, 19 ақпан күні түнгі сағат 11-лердің шамасында 10216 әскери бөлімнің кіші сержанты, кезекшінің көмекшісі А. Б. кезекші аға лейтенаттың демалып жатқаны пайдаланып оның қалтасынан қару жарақ сақтайтын бөлменің кілтін алады. Кейіннен ол дабыл қондырғысын өшіріп, бөлмеден 30 дана Калашников автоматын, 27 дана Макаров тапаншасын және аталған қаруларға арналған оқтарды алып кетеді. Кілтті қайтадан кезекшінің қалтасына салып қойған ол қару-жарақтармен бірге белгісіз бағытқа кетіп үлгереді. Бөлімдегілерге бұл жағдай таң ата сағат 07:00-де белгілі болады.
Көп ұзамай ұры сарбаз ұсталады. Оның сыбайластары да анықталып жатыр.