Оңтүстік өңірде жақсылықтың нысандары жыл басынан бастап бой көтере бастады. Көмекті партия арқылы алып жатқан отбасылар көп. Атап айтақанда « NurOtan» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында ізгі шараға қатысып қайтты. Аудандағы Қазыбек би ауылдық округінен аз қамтамасыз етілген көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін табыстап, баспананың бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға алғысын айтты.

“Елдегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, баспана салуда үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз қиналған қандасымызға қолұшын созып, сүрінсе демеу болған халықпыз. Тәрбиеміз солай. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға дарыған бұл қасиетіміз ешқашан жоғалмақ емес”, – деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Одан бөлек Бауыржан Байбек Түркістан облысынағы сапарында Отырар ауданындағы зиялы қауымымен кездесу өткізді. Аталған шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, партиялық тапсырмалардың орындалу барысын талқылады.

Өз кезегінде бас партиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндалып, алдағы жоспарлар мен тапсырмалар да айтылды.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, биыл елімізде партияның ұйытқы болуымен 77 айтыс өтеді.

«Біз айтыс өнерін қолдау арқылы өзіміздің мәселелерді ашық көтереміз. Сол үшін айтыскерлерді қолдаймыз. Жалпы айтыс – қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі. Сондықтан оны қолдау керек. Халық оны жақсы көреді», – деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.