«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Шымкент қалалық филиалы: «Халықтың денсаулығы және қауіпсіздік мәселесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде өзекті мәселелердің бірін қозғады. Жергілікті халықтың денсаулығына алаңдаушылық танытып отырған ағаларымыз көптеген жағдайларды сөзге тиек етті.
Бүгінгі дөңгелек үстелдің басы «Ауыл» ХДПП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев ағамыздың алғыс сөзімен ашылды. Кейіннен жеке кәсіпкер Е.Қалдыбаев «Халықтың денсаулығы және қауіпсіздік мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.
«… Адамдардың ағзасына зиянды қоспалар қосылған заттар көбейді. Бұларды шығарып отырған кәсіпорындарды тексеруге барған тәуелсіз лабароториялық мекемелер тиындар үшін ауыздарын аша алмай отыр. Біз, «Ауыл» партиясы бұл жұмыстармен айналыса алмаймыз. Бұл мәселені бүкіл ел болып көтеру керекпіз …», — дейді Қанатбек Балтабайұлы.
Бүгінгі дөңгелек үстелде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу коммитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Дархан Каинбердиев қаладағы халық тұтынатын қызметтердің тарифтік бағаларының тұрақсыздануы туралы мәлімет берді. Газдың тұтыну бағасы Түркістан мен Шымкент қаласы елімізде бірінші орында екені жасырын емес. «Бұл мәселе бойынша министірлікке хат жолданды. Алдағы уақытта газдың бағасын арзандауы мүмкін. Жауап күтудеміз …» дейді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде Жұмабай Шаяхметов атамыздың ескерткішін Шымкент қаласының көшелерінің бірінде тұруы керек туралы да мәселе көтерілді.