Президент Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының тілшісіне берген сұхбатында елімізде және әлемде орын алып жатқан ең өзекті мәселелірге қатысты өз ойын білдірді.
Еліміздегі ең өзекті сұрақтарға жауап берілген мақаланы қысқа уақытта мыңдаған оқырман қарап шықты. Әлі қаралып жатыр… Мемлекет басшысы қойылған сұрақтарға қысқа әрі нақты жауаптар қайырған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге қатысты әлеуметтік желілерде таралып жатқан
барлық маңызды жаңалықтарды бақылап, билікке қатысты жабық тақырыптардың жоқ
екенін де байқатты…
«1 наурыз күні, жұмыс сапармен Жамбыл облысына келемін. Қазақтар мен дүнгендер тұратын Қордай ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесу өткіземін. Ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас мәселесіне қатысты ұсынымымызды қайта қарастыру керекпіз. Қазақстан достық пен келісім елі және солай болып қала береді. Біздің қағидамыз: бірлік пен алуан түрлілік», — деп алғашқы сұраққа жауап қайырған мемлекет басшысы.
«… Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың бәрі бір ұлт екенін ұмытпағанымыз жөн. Шетелде барлық халқымызды «қазақтар» деп таниды. Олардың бәрі өз тілін, салт-дәстүрін зерттеп, сақтауға құқылы. Мұнымен қоса, қазақ тілі жедел дамуы керек. Ол болашақта ұлтаралық қатынас тілі болады. Орыс тілінің тарихи маңызын кемітіп тұрған жоқпын. Қазақстандықтар бұл тілді жетік білуі керек. Бұл өзіміз үшін пайдалы …», — деді Президент. Сұхбатта Қордайға қатысты сұрақ бірінші қойылған болатын. Президенттің тақырыптағы қалған сұрақтарға жауабын сілтемеден оқыңыз: https://informburo.kz/interview/kasym-zhomart-tokaev-vse-nacionalnosti-prozhivayushchie-v-kazahstane-po-suti-yavlyayutsya-edinoy-naciey.html?fbclid=IwAR3lurdZYLurGfHeymZhqopD9sXNOgvpgis3MiEKCgTU_M4B2l—e7QO84M