Шымқаладағы барлық мешіттерде коронавирусқа байланысты қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғибадатханалардың іші толығымен залалсыздандырылды. Жамағатқа күніне бес рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Коронавирус қатерінің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қолға алынып, тазалық мәселесіне баса мән берілуде. Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың қауіпсіздігі жіті бақыланып, қатерлі дерттен сақтану шаралары жүйелі түрде айтылып келеді.
Осы орайда, ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын.
Қазіргі таңда Шымкенттің құлшылық ордаларындағы тазалық пен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуда. Жамағат та түсінікпен қарауда.
Айта кету керек, коронавирусқа байланысты елімізде, аймақтарда төтенше жағдай орын алғанымен Шымкент қаласында өндіріс ошақтары қалыпты жұмыс істеуде. Жұмысшылар еселі еңбек етуге құлшыныс танытып жатыр.
Елдің еңсесі түспегенін байқауға болады.