Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкнт орталық мешітінде әлемге дүрбелең салған Сovid-2019 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жасаған үндеуін жүзеге асыру өңірімізде жалғасын тауып, мешіттерімізде Құран хатым етіліп, арнайы дұға жасалып, халқымыздың амандығы мен елдің тыныштығы үшін дұға етілді.

Арнайы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, Қайрат Ерғазиев, Ахметжан Керімбек, Жансейт Қалменов, Кәлімжан қары Садықов, Мұхамеджан Естеміров және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары, Жастар секторы, Халал ісі, Зекет қоры т.б. белгілі ұстаздар қатысты.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 106 мешіттердегі имамдарымыз, қари-хафиздарымыз үздіксіз құран оқып, 30 рет Құран хатым етіп, елдің амандығы үшін бата тілек жасауда.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.