Бүгін Шымкентте «Mega Pharma» ЖШС-нің қолдауымен волонтерлар 20 000 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәрумендерін таратты.
Мемлекет басшысы еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты: «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс», — деп айтқан болатын.
Осы ұсынысты «Mega Pharma» ЖШС қолдаған.
Компания басшылығы бұл акцияның мақсаты Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсетіп, өзінің әлеуметтік функциясын орындау болып табылатынын атап өтті.
Шымкент қаласында адам көп шоғырланған орындары Әл-Фараби ауданы бойынша «Арбат» демалыс орны, Абай ауданы бойынша «Жаңа шаһар» базары, Еңбекші ауданы бойынша «Север» сауда үйі, Қаратау ауданында Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратылды.