Елбасының «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көзделген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — белсенді жағдайға көшуді көздейтін электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Үкімет мүшелеріне тапсырма берген болатын. Мемлекеттік мекемелер, халыққа қызмет көрсету орталығы, денсаулық, білім саласы бүгінде белсенді жағдайға көшуді көздейтін электрондық және мобильдік жүйеге көшіп үлгерді. Бұл жүйенің тиімді тұстары өте көп.
Жалпы жайлы өмір сүру жолдарын қарастырғанда оның тиімді тұстарын тізбелеп шығамыз. Соның ішінде адамдардың алтын уақытын үнемдеуге бүгінгі біздің сөз етіп отырған электронды үкіметтің ролі зор.
Мемлекет саясаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толығымен автоматтандыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан АХАТ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тек электронды нысанда көрсету жоспарлануда.
Сондай ақ, Әділет органдарының міндеттерінің бірі «Электронды Үкіметті» дамыту болып табылады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) талаптарына сәйкес өтініштерді «Электронды Үкімет» Порталы арқылы тек баламалы негізде көрсетілетін түрлері: тууды тіркеу, неке қиюды тіркеу, некені бұзуды тіркеу/ тек ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша/ тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу қабылдануда.
Электронды үкімет порталы арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметін алу үшін міндетті түрде электрондық сандық қолтаңба болуы қажет, оны Электрондық үкімет порталынан немесе тұратын қалаңыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.
Интернет пайдаланушылар бүгінде осы қызметтің басымдығын бағалай алады.
Электрондық өтінішті беру үшін порталда авторизациялау жүргізіп, өтінішті толтыру жеткілікті-жүйеге қажетті деректерді енгізеді, электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қояды. Өтінішті беруге мемлекеттік баж төлемі электронды үкіметтің төлем шлюзінің автоматтандырылған жүйесі арқылы іске асырылады.
Яғни, халықты әуре сарсаңға жол берілмей уақытын үнемдейді және халықтын наразылығы тудырылмайды.
Осылайша ұзақ кезектерде тұрудың және мемлекеттік органдарға барудың қажеттігі жоқ.
Сондай-ақ, Әділет департаментімен мемлекеттік органдарынан және нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жұмыстары жүзеге асырылады.
Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба;
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi N 545 қаулысында көрсетілгендей,
апостиль қоюға жататын құжаттарға: мемлекеттiк органдардан (мекемелерден,
нотариустардан) және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай-ақ
сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкiмдерден және басқаларынан
шығатын құжаттар, нотариаттық расталған құжаттар қабылданады.
Өтініштерді
қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі баламалы негізде:
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Г.Орымбетова
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы