Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың 26-шы наурызынан бастап Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы келушілермен қашықта жұмыс істеу тәсіліне көшкен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Келушілердің арыз-шағымдарын, сауалдары мен өтініш-тілектерін қабылдау үшін арнайы WhatsApp желісі бар 87023842118 байланыс телефоны іске қосылған.
Қашықта жұмыс жүргізу енгізілгелі, яғни 26-30 наурыз күндері аралығында онлайн арқылы 1800-ден адамға қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, қабылданған құжаттар саны (49), электронды таратылған хабарламалар (133), телефон арқылы берілген ақпараттар (1663).