«Халық банктің» Шымкенттегі барлық бөлімшелері әдеттегідей таңғы 9:00 ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істеуде. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары сақталған.
Сәуір айының 1-ші жұлдызынан бастап, зейнетақы таратуға кіріскен банк бөлімшелері азаматтарды ара қашықтықты сақтай отырып, кезек-кезегімен қабылдауда. Келушілер арнайы залалсыздандыру құралдарымен қолдарын сүртіп, міндетті түрде бетперде киуін талап етіп отырмыз. Ол үшін бізге жіберілген 100-ге жуық еріктілер көмек беруде, — дейді «Халық банктің» Шымкент қаласы филиалы басшысының орынбасары Айжан Досымбекова.
Оы орайда, Шымкент қаласының тұрғындары аталған банктің қызметіне өз алғыстарын білдіруде. «Осындай қиын кезеңге қарамастан жұмыс істеп отырған қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Сақтық шараларын өзіміз үшін қолға алуымыз керек. Дегенмен мамандар бәрін түсіндіріп, қолымызды дезинфекциялау керектігін ескертті», — дейді қала тұрғындары.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы