Суда жүзу – денсаулыққа өте пайдалы. Жүйке жүйесін айтарлықтай тыныштандырып, күйзелістен шығуға көмектеседі. Дегенмен барлық адамдарға суда жүзуге бола бермейді.

Барлық спорт түрлері секілді суда жүзудің де өзіне тəн зиянды тұстары бар. Ең алдымен созылмалы жұқпалы аурулармен сырқаттанған жандарға суға түспегені абзал. Сонымен қатар, терісі зақымданған жандарға да суға түсуге болмайды. Ал жүрегі ауыратын жандар үшін дəрігер кеңесінен өтіп барып қана суға түсуге болады. Оның өзінде аптасына немесе күніне қанша уақыт түсуге болатынын біліп алған жөн.

Ауруды асқындырып алмау үшін суы жылы бассейнді таңдаған дұрыс. Өйткені салқын судан ауру жылдам асқынады. Ал буын ауруларымен, арқа омыртқасы зақымданған жандар үшін суда жүзудің пайдасы зор.

Дереккөз: massaget.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.