Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастады. Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Оған қоса көлеңкелі бизнеситің жолын кеседі.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Кірістер департаментінің мамандары айтты.
— Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау туралы Үкімет қаулысы 2014 жылы шыққан. Онда нақты төлемдер қызметі көрсетілген, — дейді Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанна Тойбазарова.
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысына сәйкес «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған құрылғы қолдану тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық қолдану тізбесіне 14 қызмет түрі енгізілген.
Ол қызмет түрлеріне мыналар кіреді
1 Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату,
оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
2 Көтерме және бөлшек сауда
3 Қонақүйлердің қызмет көрсетуі
4 Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де
түрлері мен сусындар беру
5 Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді),
багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату
6 Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет
көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен
жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер
7 Туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік
операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі
(туристік агенттерден басқа)
8 Сақтандыру саласындағы қызмет
9 Денсаулық сақтау саласындағы қызмет
10 Білім беру саласындағы қызмет
11 Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату
жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету
12 Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі
13 Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет
14 Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету
— Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға арналған қондырғы орнату мен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген балық өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға; стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды. Бұған қоса жаңа жылдан бастап базарларда сауда жасап келген кәсіпкерлер де осы жүйеге көшкен. Өйткені олар патенттік жүйеден алынып тасталған. Сондықтан пост терминал арқылы төлем жүргізулері керек, — деді Шымкент қаласы бойынша Кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас маманы Гүлжан Шырақбаева.
Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Өйткені ұялы телефон арқылы да сауда орындары мен асханаларға төлем жасай аласыз. Оған қоса кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден пост терминал ашу үшін еш қиындық жоқ, дейді мамандар. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылатыны айтылды.
Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы