Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Әл-Фараби ауданының ТЖ бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық жалпы орта мектеп директорларын онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді.
Сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды.
Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева, 35 мектеп, 45 балабақша меңгерушілері, олардың отбасы мүшелері қатысты.
Өткізілген іс-шараға облыстық «Оңтүстік» телеарнасы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы