Республика көлемінде қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы Созақ облысында сәтті жүзеге асуда. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы күрделі кезеңде жерлестеріне көмек қолын созып, алғысын алды.
Халық қалаулысы 100 отбасыға азық-түлік жеткізіп, қасиетті Рамазан айында сауапты іс жасады. «Nur Otan» партиясының Созақ аудандық филиалының қызметкерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының жастары мен еріктілері аз қамтылған отбасыларға депутаттың сәлемдемесін жеткізіп, акцияны жоғары деңгейде ұйымдастырды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі