Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бейнебайланыс арқылы еліміздің қызметі аймақтарынан 47 ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.
Шымкент қаласы Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде департаменттің 9 қызметкері марапатталды.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін» медалімен:
— Қаратау АПБ-ның полиция капитаны Есенқұлов Медет Қанатұлы марапатталды, ол ағымдағы жылдың 16 наурызында жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кетпек болған кезде суицидтің алдын алып, оны құтқарып алған;
— Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері полиция майоры Дәурен Мырзалиұлы Майрихов, полиция майоры Біржан Сағынбайұлы Сағынбаев, полиция майоры Дәулет Бақытұлы Әбубәкіров жәнеТемір Жәнібек Өмірбекұлы суицидтің алдын ағаны үшін: олар а.ж. 26 наурызында кәмелет жасқа толмаған қызды темір жол рельсінен шығарып, құтқарып алған;
— Қаратау АПБ-ның полиция аға лейтенанты Болат Асхат Тайырханұлы, оны ішкі блок-бекетте құқық тәртібін сақтау бойынша міндетін орындау кезінде «Лексус-570» маркалы автомашинасы қағып кеткен;
— Абай АПБ-ның қызметкерлері полиция капитаны Абдрахманов Мұзафар Хикматуллаұлы және полиция лейтенанты Ырысбеков Бименды Ермұхамедұлы тұрғындарды агрессивті иттен құтқарған, нәтижесінде бір қызметкер жарақаттанды.
Бұдан басқа, алғыс хатпен полиция лейтенанты Чуманов Асқар Шералыұлы марапатталды, ол ағымдағы жылдың 16 наурызында жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кетпек болған кезде суицидтің алдын алуға үлесін қосқан.
Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет ететін кәсіби және қайсар мінезді офицерлердің ерліктері, әрине, үлкен құрмет пен қоғамдық мойындауға лайық.