Мылтықбаев Айтбек, ҰОС ардагері
МЫЛТЫҚБАЕВ Айтбек Ысмайылұлы 1925 жылғы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының «Диқан жолы» ауылында дүниеге келген.
Ол 1943 жылдың 3 қаңтарында әскерге шақырылып, 113-атқыштар полкында зеңбірек нысанашысы болып ұрысқа қатысты.1944-1945 жылдары 569-шы атқыштар полкында мина тазартушы, 1945 жылғы тамыздан қазанға дейін 1213-ші танкке қарсы атқыштар полкында зеңбірек командирі болып, жеңіске өз үлесін қосты. Киев, Львов, Житомир, Прага қалаларын, Югославияны, Польшаны, Румынияны азат етуге қатысты.
Елге 1945 жылы аман-есен оралған соң «Ленин жолы» колхозында еңбек етті. Осы колхоздан зейнеткерлікке шықты. Айтбек Ысмайылұлы І дәрежелі «Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен және 7 мерекелік медальмен марапатталды.
Бүгінде ерлік пен еңбектің үлгісіндей қазыналы қария Айтбек Ысмайылұлы 19 немере, 31 шөберенің қызығын көріп келеді.