Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева биылғы оқу жылының аяқталу бойынша брифинг өткізді. Баспасөз мәслихатында биылғы оқу жылының аяқталу кезеңінде көптеген іс-шаралар қатаң санитарлық нормаларға сай тәртіппен өткізілетінін айта кетті. Мектептерде ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынғанын ескертті.
ҰБТ-де жаңалықтарына да тоқталды. Бұл жерде мектеп бітірушілерге де жеңілдіктер бары да айтылды.
Бала-бақша мекемелерінің жұмысы 21 мамырға дейін тоқтатылғаны белгілі болды. Ары қарай бұл мекемелердің жұмысын жалғастыруды тиісті құзырлы мекемелердің шешіміне байланысты екен.
Шымкент қаласында барлық бала-бақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде, меншікті түріне қарамастан, барлық бала-бақша қызметкерлердің жалақылары толық көлемінде төленіп жатқаны белгілі болды.
Шымкент қаласындағы колледждердің оқу жылын аяқтаудың мәселесі де сөз болды. Бітіруші дипломдық жобаны электронды түрде дайындап, «демонстрация экрана» режимінде қорғайды екен.
Педагог қызметкерлердің аттестациядан өту жайы әңгіме болды. Жаңа форматтағы аттестаттау жүйесі ұлттық біліктілік тестінен өткізу жоспарлануда. Сынама тесті 2020 жылдың 30 мамырына дейін тапсыруға болады және онлайн режимінде тіркелу мүмкіндігі бар. Баспасөз мәслихатында білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева кадрлардың біліктілігі, мектеп бітірушілердің ҰБТ-не дайындығы мен өз біліміне үміт арту жайында да әңгіме қозғады. Баспасөз мәслихатының барысында БАҚ өкілдерінің берген сұрақтарына жан-жақты тиянақты жауап берді.
Б.Түйетаев