ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ. Азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мониторингтік топ қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды бақылауға алды. Алдымен №27, 150 және Ақсукент-Шымкент бағытында қатынайтын көліктердің жұмысымен танысып, тазалық талабын сақтамағандарға ескерту жасалды.
Сонымен қатар, сауда орындарына да рейд жүргізген мамандар, карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 78 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берді.Ал,
карантин режимін бұзған 2 сауда орынына хаттама толтырылды.
Еске сала кетейік, кәсіпкерлік нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуі қажет. Олай болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.
ҚАРАТАУ АУДАНЫ. Тиісті мекнмелерден құралған топ күн сайын мониторинг жүргізуде. Кезекті тексеру шаралары Қаратау ауданына қарасты Т.Назарбеков және Алматы көшелерінің бойындағы кәсіпкерлік нысандарға жүргізілді.
Олар санитарлық талаптарды өз деңгейінде сақталуы керектігін ескертіп, талапқа сай жұмыс істемегендерге шара көрді.
Мәселен, 40 кәсіпкерлік нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауызша ескерту жасалды. Ал, 1 сауда орынына хаттама толтырылды. Карантиндік режимді сақтамаған 3 қоғамдық тамақтану орынын уақытша жабуға тура келді.
АБАЙ АУДАНЫ. Әл-Фараби көшесі, Темірлан тас жолы бойындағы касіпкерлік нысандарға тексеру жүргізген мамандар, санитарлық талапқа сай жұмыс істеу керектігін ескертті.
Ал,51 нысанға ескерту парақшалары таратылып, 8 нысан анықталған кемшіліктер жойылғанша жұмыстарын тоқтатты.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылған болатын. Қаулыға сәйкес, COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі жазылған. Сондықтан да тәртіпке бағынбағандар заң алдында жауап беретін болады.
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ. Құрылған мониторингтік топ бүгін ауданға қарасты Төреқұлов пен Б.Момышұлы көшелерінің бойындағы кәсіпкерлік нысандарға БАҚ өкілдерімен бірге тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, аудан аумағындағы 48 кәсіпкерлік нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 хаттама толтырылды. Ал 1 нысан карантин режимін сақтамағаны үшін жабылды.
Айта кету керек сауда орындары Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына құлақ асулары тиіс. Өйтпеген жағдайда жұмыстарын тоқтатуына тура келеді.