Биыл бүкіл əлемді коронавирус инфекциясы жайлады. Бұл індеттің қаупі əлі де басылмай тұр. Тиісінше, күн сайын өршіп барады. Осы орайда еліміздің медицина қызметкерлері алдыңғы шепте сап құрып, аталған пандемиямен күні-түні күресуде. Сол себепті бүгінгі төл мерекелері кезінде арнайы құттықтауды жөн көрдік.Ең алдымен, Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитариялық дəрігері Əбдіманап Төлебаевты жəне Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевты 21 маусым – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Одан бөлек, осы салада ерен еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың бəрін де құттықтағымыз келеді. Əрбіріңіздің отбасыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Мына пандемияны бірге еңсеретінімізге сеніміміз мол.Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы
12Вы, Үшінші Мегаполис, Дастан Асқарұлы и ещё 9