Шымкент қаласында осы жылдың бірінші маусымынан бастап ЖРВИ диагнозымен 1030 және пневмония диагнозымен 360 науқас ауруханаға жатқызылған. Бүгінде пневмония дертін жұқтырып, ауруханаға келіп жатқандар 50 мен 68 пайыз аралығында болып отыр.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы бір айдың ішінде пневмония дертіне шалдығып, қаза тапқан науқастардың қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары сынды қосалқы аурулары болған.
Бүгінге дейін қалада коронавирус инфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Ал, 1027-і азамат аурудың белгілері жоқ тасымалдаушы болып тіркелген. Инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі ересек азаматтар. Дертінен айыққан 596 науқас үйіне жіберілген. 14-науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды.
Сонымен қатар, қалада 379 медицина қызметкері де коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда.