Шымкентте дезинфекциялау жұмыстары қарқын алды. Әрі қатаң бақылауда.
Абай ауданы аумағында адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар саны көп. Сондықтан да аудан аумағындағы базарлар мен көшелер және аялдамалар толық залалсыздандырылды.
Сонымен қатар тұрғын алабтардағы басты және ішкі орталық көшелер де індетке қарсы дәріленді.
Ал, аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік тобы халық көп шоғырланатын орындарда аурудың алдын алу іс шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бір күндік рейд жұмыстары барысында 157 кәсіпкерлік нысандарға тиісті шара көрілді.
Еске сала кетейік,
COVID-19 індетінің өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Онда жеке тұрған азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін,
демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектетілді. Қоғамдық тамақтану орындары болса 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен демалыс күндері жұмыстарын уақытша тоқтата тұруларына тура келеді.