ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАРДА ТӨСЕК-ОРЫН МЕН ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ

Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханаларда да ем қабылдай алады. Бұл үшін мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді.

Бүгінгі таңда халық денсаулығын нығайту мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласы бойынша пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 14 мемлекеттік емханада және 26 жекеменшік медицина орталығында 623 төсек-орын дайындалды.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың нақты тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында барлық мемлекеттік және жекеменшік емханаларда таңертеңгі сағат 8.00, кешкі 20.00 дейін күндізгі стационарлар жұмыс істеуде.

Мұндағы мамандар дәрігердің тағайындауы бойынша науқастарға тамырдан және жамбастан екпе салу сынды емдеу шараларын жүргізеді.

Күндізгі станционарда төсек-орын мен дәрілік заттар жеткілікті. Бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тиісті мекеменің бақылауында.

Айта кетейік, науқастар тіркелген емханасы бойынша станционарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделе алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған