«САМАЛ-3» КӨШЕЛЕРІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Күнделікті залалыздандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданындағы көшелерде атқарылды.

Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шараларын сақтану керектігі ескертіліп, аса қажеттілік болмаса үйде отыруға кеңес берілуде.

Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда қауіпті індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған.

Ірі сауда орындары мен базар аумақтары сенбі жексенбі күндері толық дезинфекциялау жұмыстарынан өтеді. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Олар техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген.

Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған