Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, азаматтарға қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында «iKomek» орталығы ашылды.
Тұрғындар тәулік бойы «109» бірыңғай байланыс нөміріне тұрғынүй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, көшелерді тазалау, жол қозғалысы сынды мәселелермен қоңырау шала алады.
Нәтижесінде қала әкімінің тапсырмалары мен тұрғындардың шағымдарының орындалуын онлайн бақылауға мүмкіндік туады. Мәселелердің шешіліп жатқанына орай сала басшыларының жұмыстары бағаланады.
Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдай алады. Қажет болған жағдайда 5000-ға жуық азаматқа қызмет көрсетеді. Ол үшін тәулік бойы 26 қызметкер жұмыс істейді.
Сонымен қатар, iKomek орталығының 8777109109 WhatsApp нөмірі қайта жұмысын бастады.
Ағымдағы жылдың шілде айының соңында бірыңғай базаның веб-сайт үшін өтініштерді қабылдау модулі, мобильдік қосымшасы, тelegram-бот іске қосылады.
Сондай-ақ, соңғы кезде ауа райы температурасының күрт өсуіне және шомылу маусымының басталуына байланысты қалада ЖРВИ-мен (ОРВИ) сырқаттанушылар 2 есеге, пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге артып отыр. Осыған байланысты маусым айының ағымдағы кезеңіне ЖРВИ (5565) және пневмонияның (1688) 7 253 жағдайы тіркелген. Бұл өз кезегінде жедел жәрдемге жүгінушілер санын 5,5 есеге өсуіне әкеліп отыр. Күніне жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны – 2 100 болса, оның 500-ге жуығы пневмониямен ауырғандар. Нақты мәліметтер бойынша өткен тәулікте 251 науқас ауруханаға түскен, оның ішінде КВИ-25, ЖРВИ-20, пневмония-206.
Жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер санының артуына байланысты, Шымкентте «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылды, сонымен қатар, қалада қосымша 1000 стационарлық төсек-орындары ашылды.
Олар: №52 мектеп — 400 төсек орны;
Спорттық манеж — 500 төсек орны;
ҰОС ардагерлерінің емханасы – 100 төсек орны.