Үстіміздегі жылдың 16-маусымынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13 тармақшасына сай «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» ғимаратында карантин жарияланды. Осыған байланысты бүгінде мекеме тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер онлайн түрде атқарылады. Азаматтар http://egov.kz/cms/ru порталы арқылы мына қызметтерге қол жеткізе алады.
1.Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
- Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазбаларын жою
- Мүгедек баларды үйде оқытуға жұмсалған шығындыарды өтеу
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
- Ақталған азаматтарға куәліктер беру
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
- Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу.
- Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету.
- Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу.
- Мүгедектерге кресло-арбалар беру.
- Мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.
- Жұмыссыз ретінде тіркеу
Карантин шектеулері инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырғанын ескертеміз. Сондықтан да тұрғындардан карантин шектеулері мен санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұранамыз.