Қаратау ауданы аумағындағы Шахан-2, Сұлтан, Ладушки кондитерлік орталығы, Метро сауда орыны мен азық-түлік дүкендері аумағына күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Келушілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында залалсыздандыру жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуі мамандардың бақылауында.

Сонымен қатар сауда орындары санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізуде. Тамақтану орындары мен дүкендер ара қашықтықты сақтай отырып, келушілерге қызмет көрсетуде.

Және де Қаратау ауданының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы сақтық шаралар карантин аяқталғанға дейін жүйелі түрде жалғасатын болады.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында 419 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшалар мен көпқабатты үй кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.