Шымкентте вирустың таралуын азайту және алдын-алу мақсатында іс-шаралар қабылданып, ол жүзеге асырылуда.Қазргі таңда қалада 620 көше, 37 сквер мен 8 саябақ, 4 мыңнан астам аялдамалар тұрақты түрде дезинфекциялануда.
Сақтық шараларын күшейту мақсатында жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыттары шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) толық тоқтатылуда.
Қаланың барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қаланың 2967 көшесін залалсыздандыру жұмыстарын гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы 40 техника көмегімен залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.
Қала аумағындағы қоғамдық орындар, ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, аялдамалар, аяқжолдар мен қоқыс жәшіктерін залалсыздандыруға гипохлорит кальций қоспасымен арнайы техника және құрал-жабдықтар көмегімен жүргізілді.
Бүгінгі таңда «Шымкент жасыл қала» ЖШС-нің 50 жұмысшысы саябақтар мен гүлзарларда және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің 2 дана арнайы техникасы қала аумағындағы аялдамаларды залалсыздандыруда.
Жергілікті аудан аумағында қоқыс алаңшасындағы контейнерлерді және көп қабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістерін (2171 көпқабатты тұрғын үй, 7151 кіреберіс, 1156 аула және 470 қоқыс алаңшасы) залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде 150 адам (100 әскери қызметші, 50 «Шымкент жасыл қала» ЖШС) күшімен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) базарлардың, сауда орталықтарының, қоғамдық тамақтану орындарының, саябақтардың жұмыс істеу уақыттары шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) толық тоқтатылуда.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты 16 мониторингтік топ құрылып, 5 180 нысанға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 2 433 коммуналдық объектілерге, 2 663 қоғамдық тамақтану объектілеріне. Мониторингтік топпен банктердің филиалдары, пошта бөлімшелері, басқа мекемелер мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 160 ескерту беріліп, 10 нысан жабылды.