Еліміз аман болсын деп бастайық сөзімізді. Ел ішінде Сіз бен Біз, ел тізгінін ұстаған азаматтар аман болсын.
Осыдан үш жыл бұрын неміс жеріне жолым түсті. Берлиннен Дрезден қаласына асыққан жүрдек поезда келе жатырмын. Бір өзім. Бірақ қазақпын.Жанымдағылар ана тілінде, мен сияқты шеттен келгендер ағылшын тілінде сөйлесіп келеді. Тіл білмеген соң орманды алқапты көзбен ұзатып отырмын.Бір кезде жанымда отырған реңі вьетнамдықтарға келетін егде әйел мен жас жігіт «қай елденсің»дегенді өз тілінде сөйлеп, қимылымен аңғартты. ҚАЗАҚСТАННАН дедім, қазақшалап.»Казакстан,Назарбаев, Назарбаев» деп ризашылық білдіретін ізеттерін көрсетіп, езулеріне күлкі жүгіріп қауқылдасты да кетті. Қолдарымен таулардың, адамдардың сұлбасын салып, басбармақтарын шошайтып мәз болғаны.Айдалада жалғызсырап келе жатқанда мынадай таныс сөздерді естігенде менің де жүрегім жарылып кете жаздады. Әлем «менің Қазақстанымды, менің елбасымды таниды екен ғой» деген ойдан жүрегімді мақтаныш сезімі керней жөнелді. Шетелге барғанда Қазақстанның туының бейнесі басылған киімін киіп, жалаушасын ала жүру керек екен ғой деген ой келді. Қазір сол жалаушаны сыйласам ғой мәз болар еді. Дрезденге осылай қазақ болғаныма мақтанып ғажап көңіл күймен жеттім.
Бізде мемлекеттік бағдарлама баршылық қой. Жұмыс барысында солардың ішінде әлеуметтік бағдарламаларды қайта-қайта оқып тұрамын.Көпшілікпен кездесуге барғанда, болмаса журналиссің ғой деп біреу сұрап қалса «аузымды құр шөппен сүртіп» тұрмайын деп. Ал, Елбасының «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы Даланың Жеті Қыры» бағдарламалық мақалаларын күнде оқимын. Сызып-сызып оқып отырып қазақ болғаныма мақтанып аламын, сенбесеңіз Сіз де оқыңыз. Жеріңіздің тұнған тарих, еліңіздің өркениеттің алдында жүргенін көңілге түйіп ғажап бір күй кешесіз. Егер осы бағдарламалық мақалаларда айтылған тапсырмалар орындалса біз қазақы РУХТЫ тегеурінді Мемлекетке айналамыз.Ол үшін мақалаларда айтылғанды әр азамат өмір сүру салтына айналдыру керек, сонда әр азаматтың санасында сілкініс болады. Жалпы мемлекеттік бағдарламалар халыққа арналған. Ал, халық өзіне арналғанды білу керек. Сөз соңында бүгінгідей Ел мен Елбасы туралы көп айтылатын күнді пайдаланып, елді Елбасының бағдарламалық мақалаларын қайта оқып шығуға шақырар едім.
Ал, Елбасының бастауымен салынған Елорда Қазақстан мемлекетінің ҚАРАШАҢЫРАҒЫ. Қарашаңырақ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІСІ.
Елбасының мерейлі жасы мен Елорда күні санаға сілкініс әкелген, құтты қадам болсын, елімізге.
Жақсылықты,ҚУАНЫШТЫ көбейте берейік.
Бейсенкүл Нарымбетова, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы, «Қызмет» газетінің Бас редакторы