Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшылары Т. Варзилиов, Д. Шорабаев баспасөз мәслихатын өткізіп, жаман індетке байланысты қалада орын алып отырған ауқалға кеңінен тоқталды. Шымқалада аурулар саны едәуір төмендеп ,қосымша ашылған емдеу орталықтары жабылып , жағдай жақсарып жатқаны белгілі болды. Шілде айында ауырғандар саны 56 пайызға азайған. Денсаулық басқармасының басшыларының айтуына қарағанда, енді тосынан келетін жаман індеттің үшінші кезеңіне сақадай сай болу керектігіне ерекше тоқталды.
Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен емханалары жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, Мұрат Дүйсенбекұлы мобильді бригадалар санын әлі де арттыру қажеттігін айтқан еді. Сол себепті олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
«Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген болса, бүгінде оның саны 197-ге жетті. Олармен 16 мыңға жуық науқасқа үйге арналған стационарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін шақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды», — деді Т.Варзилов.
Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар стационарларда ем алушы науқастардың саны күрт төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күннің ішінде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесінде стационарлардағы төсек-орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото — Береке Сейітжаппар