Қыс маусымының келуі де жақын қалды. Суық айларды Шымкент қаласының тұрғындары жылы баспанада өткізуіне барынша дайындықтар пысықталуда. Шымкент қаласында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде барлық аудан аумағында тұрмыстық өрт және уланудың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынуда. Еңбекші ауданында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары Көксай-3 шағынауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың пештерінің мұржаларын тазарту жұмыстарын жүргізді. Жауапты мамандар қысқы жылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жадынамалар таратты.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша мобильдік топ құрылған. Жұмысшы топ аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда, әсіресе ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап бүгінге дейін карантин режимін бұзған 115 коммерциялық нысанға (36 азық-түлік және азық-түліктік емес дүкен, 25 қоғамдық тамақтану орны, 11 монша, спа орталықтары, 8 компютерлік ойынхана, 7 автожуу бекеті, басқа да объектілер) хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Іс-шара барысында бетперделік режимді сақтамау, қолғаптар қолданбау, уақыт режимін бұзу сынды заңсыздықтар анықталды.