2018-2019 жылғы Чемпиондар лигасының 1/2 ширек финалдық ойындарында: «Барселона»-«Ливерпуль», «Аякс»-«Тоттенхэм» командалары жұп құрады.
Еуропаның мықты командаларынан жасақталған Чемпиондар лигасының 2018-2019 жылғы чемпионын анықтауға да жақынбыз. Жылдың «фавориті» «Барселона» мен «Ливерпуль» командалары ширек финалға сүрінбей жетті. Гвардиолла бапатайтын «МС» командасы да жылдың басында «фавориттердің» қатарында болды. Алайда, 1/8 финалда алдын орған лондондық «Тоттенхэм» командасын өз алаңында 4:3 есебімен жеңсе де, (1:0. 4:4) екі ойынның нәтижесі бойынша ширек финалға лондондықтар өтіп отыр. «МС» командасының жігіттері, енді бар күштерін ағылшын Премьер-лигасы мен Кубогіне жұмсамақ.
Жалпы, ағылшындық командалардың биылғы аяқ алсытары жаман емес. Төрт бірдей командасы 1/4 финалда өнер көрсетті. Ал, ширек финалға өткен «Тоттенхэм» командасының ЧЛ-ның бұл сатысынан көрінуін «сенсация» деуге болады.
Ширек финалдың нағыз «сенсациясы» «Аякс» командасының әлі де айтары бар сияқты. Тарихы терең бұл команданың сапынан көптеген аяқдоп шеберлері шыққаны белеміз. Талай футбол таланттарын әлемге танытып берген команда. Академиясынан аяқдоп шеберлері шығуы тоқтаған емес. Кезінде, Марко ван Бастен, Франк Райкард, Денис Бергкамп, Гулит, Клюерт, Зедорф, Давидс, Франк Де Буры, Ибрагимович т.б. сынды супер талантты футболшылары, жасыл алаңда жұлдыздай жарқырап ойын көрсетті. Футбол сүйер жанкүйерлердің ықыласына бөленген жұлдыздары атанды. «Аякс» командасы – өз елінің біріншілігін 33 рет, Чемпиондар Кудогін 3 рет жеңіп алған.
«Аякс» сарбаздары 1/8 финалда «королдік» «Реалды» 5:3 жеңіп, 1/4 финалда Роналдуы бар «Ювентус» командасын туринде 1:2 (1:1) есебімен тізе бүкітіріп, екі рет сенсация жасады. Күтпеген жерден екі командының жанкүйерлерінің үміттерін үзіп, қос мықтыны жарыстан шығарып тастады. «Доп – домалақ» демекші, жастардың бақтары шапты ма, әлде мықтылардың баптары жетпеді ме, «Реал» мен «Ювентус» ойыншылары жақсы ойын көрсете алмады. «Аякстың» 1/2 ширек финалдағы қарсыластары «Тоттэнхем» командасы екеуінің күштері тең десек болады. Амстердамдықтар «Тоттенхэмді» жеңіп, финалда «Барселона» немесе «Ливерпульді» ұтып чемпион атанып жатса, жас ойыншыларды еуропалық бюджеті мықты командалар үлкен ақшаға сатып алатыны сөзсіз. «Тоттенхэм» сапындағы Оңтүстік Кореялық Сонның, ағылшындық Кейіннің де бұл кездесуде айтатын сөздері бар екенін ескеру керек.
Бес дүркін «Алтын доп» иегері Мессидің биылғы көрсеткіштері мықты деуге болады. Осы маусымда «марстық» Месси испанияның жоғарғы біріншілігінде, «Барселона» сапында 33 гол соқты. 11 голымен Чемпиондар лигасында да үздік сұрмерген. Жалпы, «Берселона» сапында Хави мен Иньеста бар кезде «котолондықтар» жеңілістің «дәмін» көп тартпаған болатын. Сол кездердегі ойындары қайта келген сияқты.. Мессидің екі «орынбасары» Суарес пен Коутиньоның да команданың жеңісіне еңбектері көп. Екі мерген алаңда әдемі голдарымен көзге түсіп жүр. «Барселона» осылай «тики-такасын» жемісті жалғастыра беретін болса, биылғы маусымда бәйге бермеуі әбден мүмкін.
Осы маусымда «Барселона» барлық бағытта чемпион атанып жатса, Мессидің қолына «Алтыншы добы» сөзсіз тию керек. Салах пен Мбаппе де биылғы маусымда «Алтын допқа» лайықты десек болады.
Ал, «Ливерпуль» командасы Ағылшын премьер-лигасында 19-шы чемпиондығына биыл қол жеткізсе және ЧЛ-сын 6-шы рет жеңіп жатса, Салахтың көрсеткішімен де санасуға тура келеді.