Еңбекші ауданының полицейлері Жыланбұзған елдімекені, Қарақыстақ көшесі №63 үй мекенжайында орналасқан ойынхананың карантиндік талаптарды бұзып, жексенбі күні түнгі 00:10-да келушілерді қабылдап, жұмыс жасап жатқанын анықтады.
Сонымен қатар, қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені белгілі болды.Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.
Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабы Сатыбалдиев көшесі бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орны сағат 12:34-те келушілерді қабылдап, жұмыс істеп тұрған.
Айта кететін жайт тамақтану орнындағы қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медециналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.