«ОРДАБАСЫ» ОЙЫНШЫЛАРЫН АЛМАТЫЛЫҚТАР АЯМАДЫ

Жақында Қазақстан премьер-лигасының 7-ші (8) тур кездесулері өтті. Шымкент қаласының орталық Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында «Ордабасы» мен алматының «Қайрат» командасы тартысты ойын көрсетті. Бұл кездесуді тамашалауға, Шымқала шаһарының басшысы Ғабидолла Әбдірахымов та жанкүйер болып келді.

Ойын алматылықтардың шабуылымен басталды. «Қайрат» ойыншыларының алыстан соққан соққыларын «Ордабасы» қақпашысы Д.Непагодов, ауда еш қиындықсыз қағып алып отырды. Ойынның 15-ші минутында алаң иелері өз ойынын тауып, қайратты қонақтарын өз алаңынан шығармай, басымдықты өз қолдарына алды. Кездесудің бірінші жартысы алаң иелерінің еншісінде кетті деуге болады. «Қайрат» қорғаушыларын көп қателікке бой алдырып жатты. Тек, «Ордабасының» шабуылшылары беріліп жатқан мүмкіндіктерді жіберіп жатты. Бірінші бөлімде, «Ордабасы» шабуылшылары Жоау мен Щеткин бір-бір жақсы мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады.

Ойынның екінші бөлімінде екі команданың бас бапкерлері ойынға өзгеріс жасамады. «Ордабасы» ойыншылары екінші таймды бірден шабуылмен бастады. Ойынның соңғы минутына дейін қонақтардың қақпасына толаусыз шабуылдарын тоқтатпады. Шымкенттіктердің мүмкіндіктер тағы да мүлк кетіп жатты. Алаң иелерінің бір голы ойыннан тыс қалумен есепке алынбады. «Ордабасы» командасының қорғаушысы Досмағамбетов, орталық ойыншы Махалангу (Оң.Африка), Диакате (Сенегал) бұл кездесуде тамаша оййын өрнегін көрсетті. Екінші таймда үздік сұрмергеніміз Жоауды алмастырған Бадибангада гол соғуға жақсы мүмкіндік болды. Екі қорғаушыны қақпа алдында алдап, құлатып алған Бадибанга, қақпаға дәл соққы жасай алмады. Ал, алматылықтардың сапындағы құраманың негізгі ойыншысы Г.Жуковтың ашық қақпаны бір метрден дәл көздей алмауы, стадионға жиналған жанкүйерлердің таңданысын тудырды. Әрі голдың болмағанына қуанып та жатты. «Ордабасы» ойыншыларын өз алаңында аяқтан аямаған алматылықтар сапынан, 87 минутта екі сары қағаз алған Вороговский алаңнан қуылды. Жалпы, кездесуде өрескел ойнаған «Қайрат» ойыншылары бес сары қағаз алып үлгерді.

Алдағы уақытта «Ордабасы» командасын тағы да қиын кездесу күтіп тұр. Олар премьер-лигада екінші орында тұрған «Тобол» Қостанай қаласына қонаққа барады. Бүгін, «Тобол» командасы Нұр-Сұлтан қаласынада қонақта «Астанамен» кездесу өткізіп жатыр.

Қалған ойындардың нәтижесі: «Оқжетпес» 1:0 «Ертіс»; «Шахтер» 0:1 «Қайсар»; «Жетісу» 0-0 «Атырау»; «Ордабасы» 0:0 «Қайрат»; «Ақтөбе» 2:3 «Тараз»; «Астана» 2:1 «Тобол».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған